лотерея операторы



Дұрыс ойын

Сәтті Жұлдыз» АҚ лотерея операторы болып табылады және 2006 жылы Дүниежүзілік лотерея қауымдастығымен (The World Lottery Association, WLA) қабылданған «Жауапты ойын қағидаларын» күнделікті қызметте қолданып, осы Қағидаларды, алғашқы болып Орталық Азия және Қазақстан аумағында енгізуде.

«Жауапты ойын» қағидалары лотерея қатысушыларын дүниежүзі бойынша қорғауға көзделген және WLA-ның барлық мүшелерімен ұстануға міндетті.

«Сәтті Жұлдыз» АҚ, лотереяны ойнауға байланысты кез-келген қауіпті ықшамдау үшін «жауапты ойын» қағидаларын ұстануды насихаттайды.

Жауапты ойын қағидалары

Адамдардың басым бөлігі үшін лотерея – ойын-сауық қана. Алайда, адамдардың кейбір қатарына лотерея қарапайым ойын-сауық түрінен, тұлғаның өзіне, отбасына және қоғамға кері әсер тигізетін зиянды әуеске айналуы мүмкін.

Лотерея операторлары, құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізумен байланысты мәселелерді болдырмауда, үкімет, басқарушы, қызмет жеткізушілері, зерттеушілер, топтар, қоғамдастықтар және құмар ойындарына қатысты адамдар сияқты маңызды рөлді атқарады.

Лотереядағы жауапты ойынның негізгі ережелері және қағидалары:

1. Лотереяға қатысуды қаражат табу амалы ретінде емес, керісінше ойын-сауық ретінде қарастыру керек. Лотереяға қатысу қаржылық қиындықтарды шешудің амалы бола алмайды.
2. Ұтылуға дайын болып, оны ойынның бір бөлігі ретінде қабылдағаныңыз жөн.
3. Лотереяны сатып алуға жұмсалған қаражатты өзіңіздің ойын-сауығыңыздың «бағасы» деп, ал ұтып алынған қаражатты – сыйлықақы деп қарастыру қажет. Бұл инвестиция емес – жай ғана ойын-сауыққа, яғни киноның билетін сатып алуға жұмсалған қаражатпен бірдей.
4. Ойынға болашақта кері әсер тигізбейтінде шамада жұмсалатын ақшалай қаражаттың ең жоғарғы сомасын Сіз өзіңіз белгілеуіңіз қажет.
5. Ойын үшін қарыздар алмау және несие алып ойнамау керек екендігін өзіңізге ереже етіп ұстанғаныңыз жөн.
6. Лотереяға жұмсаған қаражаттарыңызды қайта ұтып алуға тырыспағаныңыз жөн. Неғұрлым өз шығындарыңызды лотерея ұтыстары арқылы қайтаруға тырысқан сайын, соғұрлым сіздің шығындарыңыздың сомасы арта түсуі ықтимал.
7. Лотереяны ойнау уақыты бойынша шектеуді Сіз өзіңіз белгіліп ұстануыңыз қажет. Ұтып немесе ұтылып жатқаныңызға қарамастан, ойынды өзіңіз белгілеген уақытта тоқтатыңыз.
8. Сіз белгілі бір өмірлік теңдігіңізді сақтауыңыз қажет: лотерея сіздің күнделікті өмірлік қағидаларыңызға кедергі жасамай, достарыңыздың, отбасыңыздың, жұмысыңыз бен спорттың орнын баспауы қажет.
9. Лотереяға қатысуды рухани немесе дене сырқатына қарсы құрал ретінде қарастырмағаныңыз жөн. Әйтпесе, бұл қосымша психологиялық және ақшалай қиындықтарды тудыруы мүмкін.
10. Лотереяны көтеріңкі көңілде және дұрыстап тыныққан күйде ойнаған жөн. Депрессиялық күйде лотереяны ойнаудан бас тартыңыз.
11. Мас күйде, есірткілік масаю немесе уландырғыш заттардың әсері барысында лотереяны ойнаудан бас тартыңыз.
12. Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес, он сегіз жасқа толған тұлға лотерея қатысушысы бола алады. Лотерея қатысушысының жасында күмән туған жағдайда, лотерея сату нүктелерінің қызметкерлері лотерея қатысушысынан тұлғаның жеке басын және жасын куәландыратын құжатты ұсынуын талап етуге құқылы. Жеке басыңыз бен жасыңызды куәландыратын құжатты ұсынуға қарсылық білдірген немесе ондай құжат болмаған жағдайда сізге лотерея билеті сатылмайды.
balls.png

Лотерея билетін алып, сіз Қазақстан спортын дамытуға үлесіңізді қосасыз

Сіз 18 толдыңыз ба?
Жоқ Иә

Есть ли вам 18 лет?
Нет Да