FAQ. Жиі қойылатын

Лотерея билетін қайдан аламын?

Бүгіннен бастап лездік лотерея билеттерін ХҚКО орталықтарынан, «Магнум» супермаркеттер желісінен, Қазпошта бөлімшелерінен ала аласыздар. Нақтырақ ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз.

Лотерея билетінің бағасы қандай?

Қазіргі таңда Сіз, бағасы 500 теңгені құрайтын «Алтын» және 300 теңгені құрайтын «Бақытты 7» лездік лотерея билеттерін ала аласыз.

Өзге ұлт өкілдерінің азаматтары лотереяға қатыса ала ма?

Лотореяға ҚР-ның азаматтары да, бейрезиденттері де қатыса алады.

Менің жасым - он жетіде. Бірақ маған лотерея билетін сатудан бас тартты?

ҚР Заңына сәйкес, кәмелет жасқа (18+) толғандар ғана лотерея билеттерін сатып ала алады.

Қалай ойнау керек?/b>

Лездік лотереяға қатысу жайлы қысқаша ақпарат билеттің артқы жағында берілген. Толығырақ ақпаратты біздің сайтымыздан көре аласыздар.

Ұтысты ұтып алған ойыншы сату орталығына барғанда өзінің жеке куәлігін әкелу керек пе?

Сәйкес жылға орнатылған ТЖ-дан (төмен жалақы) 50%-ға дейінгі ұтысты алу үшін, қатысушы лотерея агентіне өз билетінің түпнұсқасын ғана көрсетуі қажет.

Егер де мен басты ұтысты ұтып алсам, оны қалай аламын?

Орнатылған ТЖ-ның (төмен жалақы) 50%-нан асатын ұтысты алу үшін, қатысушы лотерея агентіне өз билетінің түпнұсқасын беріп, сонымен қатар, төмендегі әрекеттерды орындауға міндетті:

а) лотерея Операторына жеке куәлігін (ҚР азаматы үшін жеке куәлік, Қр-ның бейрезиденті үшін төлқұжат) және салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы керек;

б) лотерея Операторына ЖСН (12 таңбалы жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсету керек;

в) ұтыс ақшасын қолма-қол алатын жағдайда, міндетті түрде ақша алатын кассадағы ордерге қол қойып және өзінің жайлы жеке деректерді саралауға рұқсатыңызды беруіңіз қажет (№1 Қосымшадан көруге болады);

г) ұтысты қолма-қол ақшасыз түрде алатын болсаңыз, міндетті түрде өтінім толтырылуы қажет. Оператор Лотереясының формасымен көрсетілген Өтінімде (№2 Қосымшадан көруге болады) лотерея Қатысушының пластикалық карточкасының толық банк деректемелері немесе оның банкте орналасқан ағымдағы шоты көрсетілуі қажет.

Ұтыстарға салық салынады ма?

ТЖ-дан (төменгі жалақыдан) 50% (елу) жоғары ұтыстарға төлем жасау орнында жеке табыс салығы салынады. Салық өтемі лотерея Қатысушысы ұтып алған ұтыс көлемінен орнатылған салық сомасын ұстап қалу арқылы жүзеге асады. Бұл ҚР-ның салық кодексіне сай, заңды түрде жүргізіледі. Жоғарыда айтылған салықтың 2017 жыл бойынша орнатылған көлемі:

  • ҚР-ның азаматтарына - 10% (он);
  • бейрезиденттерге - 20% (жиырма).

Егер де Сіз өзіңізді қызықтырған сұраққа жауап таппасаңыз, бізге жазыңыз. Біз Сізге жақын арада жауап береміз.