лотерея операторы




Келесі тиражға дейін

сағат     минут
Бізде ұтысқа жетеді!
18.07.2018 ұтыстары: Астана (Тлендиева, 151): Keno - 110 000 теңге; • Павлодар (ул. Камзина, 67/1): 777 - 50 000 теңге; • Кызылорда (Чимбая, 96): LOTO 6/49 - 30 600 теңге; • Алматы (Жамакаева, 2341): LOTO 6/49 - 29 900 теңге; • Костанай (Улица победы, 52): LOTO 6/49 - 29 900 теңге; • Алматы (ул. Д. Конаева, 20А): LOTO 6/49 - 29 500 теңге; • Шымкент (Аймаутова, рынок Айна): LOTO 6/49 - 29 500 теңге; • Алматы (ул.Розыбакиева, 61): LOTO 6/49 - 29 500 теңге; • Астана (Манаса, 1): LOTO 6/49 - 29 500 теңге; • Алматы (Сауранбаева, 15а): LOTO 6/49 - 29 500 теңге; • Алматы (мкр Аксай 3а, 78A): LOTO 6/49 - 29 500 теңге; • Алматы (Панфилова, 57): LOTO 6/49 - 29 500 теңге; • Караганды (ул. Шахтеров, 82): Жомарт 3 - 18 000 теңге; • Шымкент (ул. Турар Рыскулова, 19): Жомарт 3 - 18 000 теңге; • Павлодар (ул. Камзина, 67/1): 3 Алмаза - 18 000 теңге; • Павлодар (ул. Камзина, 67/1): 3 Алмаза - 18 000 теңге; • Павлодар (1 мая, 25): Жомарт 3 - 18 000 теңге; • Астана (Актасты, 12): 777 (лездік) - 18 000 теңге; • Актау (Курмангазы, 152): Жомарт 3 - 18 000 теңге; • Астана (Едил, 26): Жомарт 3 - 10 000 теңге; • Астана (Шоссе Алаш, 23/1): 3 Алмаза - 10 000 теңге; • Павлодар (ул. Камзина, 67/1): 3 Алмаза - 10 000 теңге; • Павлодар (ул. Камзина, 67/1): 3 Алмаза - 10 000 теңге; • Алматы (ул. Радостовца, 292): 777 (лездік) - 10 000 теңге; • Алматы (ул. Радостовца, 292): 3 Алмаза - 10 000 теңге; • Орал (пр. Евразия, 101): 3 Алмаза - 10 000 теңге; • Кызылорда (ул. Жыбек Жолы, 20): 3 Алмаза - 10 000 теңге; • Кокшетау (yл. Капцевича П.М, 228/1): 3 Алмаза - 10 000 теңге; • Павлодар (ул. Камзина, 67/1): Жомарт 3 - 10 000 теңге; • Атырау (Мкр Жети Казына, Ул.Маден): 3 Алмаза - 10 000 теңге; • Семей (Джангильдина, 138): 3 Алмаза - 10 000 теңге; • Шымкент (Аймаутова, рынок Айна): 777 (лездік) - 10 000 теңге; • Шымкент (Тауке хана, б/н): 3 Алмаза - 10 000 теңге; • Тараз (Байзак батыра, 272): 3 Алмаза - 10 000 теңге; • Семей (Глинки, 45): Жомарт 3 - 10 000 теңге; • Астана (Сейфуллина, 47): 3 Алмаза - 10 000 теңге; • Семей (Каюма Мухамедханова, 34): Жомарт 3 - 10 000 теңге; • Актау (Курмангазы, 152): 3 Алмаза - 10 000 теңге; • Семей (Каюма Мухамедханова, 34): 3 Алмаза - 10 000 теңге;


Қазақстанның Лотерея нарығы өз орындарын нығайтуда!


19.01.2018
Қазақстанның Лотерея нарығы өз орындарын нығайтуда!

2018 жылдың 18 қаңтар күні, Астана қаласында, Қазақстанның бірыңғай лотерея операторы – «Сәтті Жұлдыз» АҚ есептік баспасөз конференциясын өткізіп, компания жетекшілігі 2017 жылдың нәтижелері, алғашқы қызмет жылының қаржы көрсеткіштері және Қазақстан лотерея нарығының жағдайы жайлы баяндап берді.

«Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамының президенті Александр Теннің айтуы бойынша, өткен жылдың 9 айы ішіндегі инвестициялардың жалпы мөлшері 9 миллиард теңгені құрады. 2017 жылдың сәуір айында құрылған команда аз уақыт ішінде кең көлемді жұмыс атқара білді.

Қазақстанда алғашқы рет әлемдік деңгейдегі лотереялық IT-инфоқұрылымы жарыққа шығып, іске қосылды, бұл инфроқұрылым мемлекетке әр лотерея билетінің сатылуын елдің барлық төңірегінде нақты уақыт тәртіптемесінде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл мақсат үшін лотерея ақпаратын өңдеу және сақтау Орталығы құрылып, онда лотерея билеттерін сату, жеңімпаздарға ұтыстарын төлеу жайлы ақпарат сақталған, сонымен қатар, «Сәтті Жұлдыз» компаниясының қазақстан халқы және мемлекеттік органдары алдында жоғары деңгейдегі айқындыққа қол жеткізгендігін дәлелдейтін, компанияның мемлекеттік спортты дамытуға бағытталған арнаулы төлем мөлшері жайлы ақпарат қамтылған.

Александр Тен, «Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамының президенті»

«Жаңадан құрылған лотерея ақпаратын өңдеу және сақтау Орталығы еліміздің ішінде, «Қазақтелеком» АҚ Ұлттық Компаниясының» қорғаулы деректерді өңдеу Орталығында орналастырылған. Лотерея ақпаратын өңдеу және сақтау Орталығының мақсаты – ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комиссиясына, елдің барлық аумағында нақты уақыт тәртіптемесінде әр лотерея билетінің сатылуы, ақшалай қаражаттың түсуі, қазақстандықтарға ұтыстарын төлеу, салық төлеу және республика бюджетіне бағытталған өзге де міндетті төлемдер жайлы ақпараттарды ұсыну.

Ынтымақтастық және серіктестік шарты бойынша, озық IT-инфоқұрылымды, оған қоса, лотерея ақпаратын өңдеу және сақтау Орталығын жасаудағы өз көмегін, стратегиялық серіктесіміз – лотерея өнімдерінің әлемдік көшбасшысы Scientific Games International Inc. (АҚШ) корпорациясы көрсетуде. Аталған шартқа сәйкес, IT-инфоқұрылымның түбірі болып табылатын, AEGIS деп аталатын заманауи бағдарламалық-аппаратты жасақтамасы алынып, сонымен қатар, ел ішінде лотерея өнімдерін сатуды жүзеге асыруға қажет сату терминалдары және құрылғылары алынған.

Александр Тен, «Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамының президенті»

«Компания, Қазақстан тарихында тұңғыш болып, туризм және спорт индустрияларын қолдауға республика бюджетіне еліміздің заңнамасымен қарастырылған ресми мақсатты аударымдар ретінде – 12 299 003 теңге жіберді. Бұл ретте, республика бюджетіне бағытталған салық аударымдары және өзге де міндетті аударымдар сомасы 391 442 522,28 теңгені құрады».

Еске алсақ, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 09 сәуір айында қабылданған «Лотерея және лотерея қызметі туралы» Заңына сәйкес, Бірыңғай лотерея операторы мемлекет бюджетіне лотерея билеттерінен жиналған қаражаттың 10%-ын міндетті аударым ретінде жіберуі қарастырылған. «Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамы біржақты тәртіпте және ерікті түрде аударым сомасын 10%-дан 15%-ға арттыруды ұсынып ұлғайтқан болатын.

2017 қыркүйек айында Бірыңғай лотерея операторы Flexsys сынамалы жобасын іске қосты, жоба бойынша қазақстандықтарға жүлде қоры 468 000 000 (Төрт жүз алпыс сегіз миллион) теңгені құрайтын және жалпы таралымы 2 100 000 (Екі миллион жүз мың) билеттен тұратын «Алтын» және «Бақытты7» лездік лотерея билеттері ұсынылды.

 

Сергей Коровин, Маркетинг және сату бойынша вице-президенті

«Сауда нәтижелері қазақстандықтарға адал және жауапты ойын қызық екенін көрсетті, ал біздің компания «жас» болғанына қарамастан, азаматтардың сенімін бірден жаулап алды. Республика бойынша сатылымның алғашқы 15 аптасында, 2017 жылдың 19 қыркүйегінен 31 желтоқсанға дейінгі аралықта, жалпы сомасы 196 016 799 теңгені құрайтын 499 894 билет сатылды, соның ішінен қазақстандықтардың ұтып, қолына алғаны - 115 080 200 теңге».

Лотерея билеттерінің сатылымын қамтамасыз ету мақсатымен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Қазпошта» АҚ, «Magnum Cash&Carry» бөлшектік сауда желісі, «Мега» ойын-сауда орталығы желісі және басқа да жергілікті сауда орталықтарымен серіктестік келісімдер жасалды және республика бойынша 150 нүктеден тұратын бастапқы сауда желісі құрылды.

Бұған қоса, Scientific Games International Inc. стратегиялық серіктесінің көмегімен, өткен жылы Бірыңғай лотерея операторының толыққанды жұмыс жасауы және операциялық қызметі үшін компания қызметкерлеріне, сауда өкілдеріне және агенттерге (сатушыларға) арнайы оқытулар ұйымдастырылып, жүргізілді.

Сонымен қатар, «Сәтті Жұлдыз» басшылығы 2018 жылға қойылған жоспарларымен бөлісті. Осылайша, компания өкілдерінің айтуы бойынша, осы жылдың бірінші ширегінде қазақстандықтарды апта сайын өткізілетін және бастапқы супержүлдесі 20 миллион теңгені құрайтын «Loto 6/49», күн сайын өткізілетін және бастапқы ең жоғарғы ұтысы 10 миллион теңгені құрайтын «KENO» және «777» лотерея ойындарынан құралатын, тираждық лотерея аясындағы 3 ойынның іске қосылуы күтуде. Бұған қоса, компания өзінің сауда желісін кеңейту мен республиканың лотерея саласында жаңа жұмыс орындарын құруды жалғастырады. 2018 жылы лотерея өнімдерін республика бойынша 2 900 сату нүктелерінен алуға болатын болады.


Другие события / Басқа оқиғалар

Лотерея билетін алып, сіз Қазақстан спортын дамытуға үлесіңізді қосасыз

Сіз 18 толдыңыз ба?
Жоқ Иә

Есть ли вам 18 лет?
Нет Да