лотерея операторы



Тираждық лотерея "777"

777 — күнделікті тираждық лотерея.
«777» лотереясында 3 ұтыс нөмірі ттиражды өткізу барысында анықталады.
«Сәтті Жұлдыз» АҚ «777» лотереясының таралымдарын күнделікті сағат 16:00-де (Астана уақытымен) «31 Арна» ТА-да өткізеді.

ОЙНАУ ӘДІСІ:

1-ші қадам
«777» тираждық лотереясының тегін Купонын алу.

1111.png
Купонда екі панель бар –А және В, Сіз олардың әрқайсысына ұтыс тіге аласыз.


Әр панель төмендегілерден құралады:

ҰТЫС ТІГУ ТҮРІ - лотерея комбинациясындағы (ұтыс тігуіндегі) сандар мөлшері және олардың ұтыс нөмірлерімен сәйкестік тәртібі.
ОЙЫН АЛАҢЫ - 0-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған матрица.

2-ші қадам
    Бір «ұтыс тігу түрін» таңдап, белгілеу:
  • 3 сан – Нақты рет
    Ұтыс тігу – 000-ден 999-ға дейінгі кез-келген үш таңбалы сан.
    Ұтыс тігу сандары қайталануы да (555, 010, 223 және т.б.), ерекшеленуі де (123, 754 және т.б.) мүмкін.
    Ұтыс тігуінің барлық үш саны ұтыс нөмірлерінің қатаң түсу тәртібімен сәйкес келсе, жеңіске жеткен болып саналады.
  • 3 сан – Кез-келген рет
    Ұтыс тігу – 000-ден 999-ға дейінгі кез-келген үш таңбалы сан.
    Ұтыс тігу сандары қайталануы да, ерекшеленуі де мүмкін.
    Ұтыс тігуінің барлық үш саны ұтыс нөмірлерінің кез-келген түсу тәртібімен сәйкес келсе, жеңіске жеткен болып саналады.
  • 2 сан - Бірінші жұп
    Ұтыс тігу – 00-ден 99-ға дейінгі кез-келген екі таңбалы сан.
    Ұтыс тігу сандары қайталануы да, ерекшеленуі де мүмкін.
    Сіз ұтыс тігуіңізді үш бағананың кез-келгенінде белгілесеңіз болады, тек келесі ережені ескерген жөн – бір бағанадағы бір сан солдан оңға қарай оқылады.
    Ұтыс тігудің екі саны тираждың бірінші жұбымен (алғашқы екі ұтыс нөмірімен) қатаң түсу тәртібі бойынша сәйкес келген жағдайда ұтымды болып саналады.
  • 2 сан - Соңғы жұп
    Ұтыс тігу – 00-ден 99-ға дейінгі кез-келген екі таңбалы сан.
    Ұтыс тігу сандары қайталануы да, ерекшеленуі де мүмкін.
    Сіз ұтыс тігуіңізді үш бағананың кез-келгенінде белгілесеңіз болады, тек келесі ережені ескерген жөн – бір бағанадағы бір сан солдан оңға қарай оқылады.
    Ұтыс тігудің екі саны таралымның соңғы жұбымен (соңғы екі ұтыс нөмірімен) қатаң түсу тәртібі бойынша сәйкес келген жағдайда ұтымды болып саналады.
  • 2 сан – Кез-келген жұп
    Ұтыс тігу – 00-ден 99-ға дейінгі кез-келген екі таңбалы сан.
    Ұтыс тігу сандары қайталануы да, ерекшеленуі де мүмкін.
    Сіз ұтыс тігуіңізді үш бағананың кез-келгенінде белгілесеңіз болады, тек келесі ережені ескерген жөн – бір бағанадағы бір сан солдан оңға қарай оқылады.
    Ұтыс тігудің екі саны таралымның түсу тәртібіне байланыссыз, кез-келген жұбымен сәйкес келген жағдайда ұтымды болып саналады.
  • 1 сан – Кез-келген рет
    Ұтыс тігу – 0 мен 9 арасындағы кез-келген сан.
    Ұтыс тігу саны кез-келген тәртіптегі бір ұтыс нөмірмен сәйкес келген жағдайда ұтымды болып саналады.
    Өз ұтыс тігуіңізді таңдалған панельдің үш бағанасының кез-келгенінде белгілей аласыз.

3-ші қадам
Таңдалған «Ұтыс тігу түріне» байланысты 0 мен 9 сандар қатарынан, өз ұтыс тігуіңізді белгілеу. Ұтыс тігулерін толтыру кезінде төмендегіні ескеріңіз:
  • ұтыс тігу сандары қайталануы да, ерекшеленуі де мүмкін;
  • бір бағанада тек 1 (бір) сан бола алады;
  • сандар солдан оңға қарай оқылады;
  • барлық сызуларды «Х» белгісімен жазыңыз.


СЕБЕТ
Егер қатысушы ұтыс тігу кезінде қателік жасаса немесе ұтыс тігуін тоқтатқысы келсе, «Себет» алаңын белгілеу қажет, Купонды тіркеу кезінде жүйе автоматты түрде бұл ұтыс тігуін ойыннан алып тастайды.

4-ші қадам
Ұтыс тігуді (тігулерді) төлеу.
Таратушы Купонды Жүйеге тіркеп, Сіздің лотерея билетіңізді Түбіртек түрінде басып шығарады.

Ұтыс тігу бағасы – 100 теңге.

Сіз таңдаған «Ұтыс тігу» түріне қарамастан, ұтыс тігу бағасы – 100 теңге болып қала береді.

«777» тираждық лотерея билеттерінің сатылымы тираж ойнатылымына 15 минут қалғанда, яғни сағат 15:45-те (Астана уақытымен) тоқтатылады.

ҰТУ ӘДІСІ

Ойын үш барабаны бар лототрон арқылы өткізіледі.
Әр барабанға 0-ден 9-ға дейінгі аралықта нөмірленген шарлар жинағы салынады.
Ойнатылым кезінде әр барабаннан бір ұтыс шары анықталады.
Нақты ретпен түскен 3 (үш) шарлардың нөмірлері осы ойынның ұтыс нөмірі болып саналады.
777 тираждық лотереясында 6 ұтыс санаты ескерілген.
Барлық санаттардың ұтыс мөлшерлері тиянақталған.

Ұтыс санаты Ұтыс тігу түрі Ұтыс, теңге
1 3 сан Нақты рет
50 000
2 3 сан

Кез-келген рет

(ұтыс тігуіндегі екі бірдей сан)
20 000
3 3 сан

Кез-келген рет

(ұтыс тігуіндегі әр түрлі сандар)

10 000
4 2 сан Бірінші жұп
5 000
5 2 сан Соңғы жұп
5 000
6 2 сан Кез-келген жұп
1 000
7 1 сан Кез-келген рет
200


ҰТЫСТЫ АЛУ ӘДІСІ

Ұтысты талап ету мерзімі – ұтыс билеті қатысқан таралым өткеннен кейін 184 күн.
ЖТМ-ның 50%-на (елу) дейінгі ұтыстар лотерея Операторының билет сату орындарында ақшалай түрде төленеді;
ЖТМ-ның 50%-нан (елу) 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі ұтыстар лотерея Операторы өкілдіктерінде төленеді;
100 000 (жүз мың) теңгеден жоғары ұтыстар лотерея Операторының бас кеңсесінде 10 (он) жұмыс күні ішінде төленеді.

САЛЫҚ САЛУ

Лотерея билетінің ЖТМ-ның 50%-нан (елу) асатын тұтас ұтысқа төлем көзінен жеке табыс салығы салынады. ҚР қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығынның төлемі лотерея Қатысушының ұтыс сомасынан ұтысты қабылдау кезінде салық сомасын ұстап қалу арқылы жүзеге асады.
2018 жылға жоғарыда көрсетілген салық төлемі:
- ҚР резиденттері үшін - 10% (он);
- бейрезиденттер үшін- 20% (жиырма).

МАҢЫЗДЫ!

Купон лотерея билеті болып табылмайды!
Тек он сегіз жасқа толған тұлға ғана лотерея Қатысушысы бола алады!
Лотерея ойынына қатысу ерікті болып табылады.
Лотерея билеті күні мен нөмірі сол билетте көрсетілген бір тиражға ғана жарамды.


ЛОТЕРЕЯ БИЛЕТІ

777.png

Тізімге қайта оралу

Лотерея билетін алып, сіз Қазақстан спортын дамытуға үлесіңізді қосасыз

Сіз 18 толдыңыз ба?
Жоқ Иә

Есть ли вам 18 лет?
Нет Да