лотерея операторы



Тираждық лотерея "LOTO 6/49"



Бастапқы Бас жүлде — 20 000 000 теңге.
Тираждар әр сәрсенбі сайын өткізіледі!
Ойын мақсаты — бір панельде 2-ден 6-ға дейінгі сандарды табу.
Ойынның басты ерекшелігі — Сіздің ұтысыңызды арттыра алатын бонус шары.

ОЙНАУ ӘДІСІ:

1-ші қадам
«LOTO 6/49» тираждық лотереясының тегін Купонын алу.
Купонда алты ойын панелі бар – А В C D E F, Сіз олардың әрқайсысына ұтыс тіге аласыз.

Тираждық лотерея 2-ші қадам
1 мен 49 сандары арасынан 6 (алты) санды таңдап белгілеу, бұл ұтыс тігуіңіз болады.

Ұтыс тігу бағасы – 200 теңге.


АВТОТАҢДАУ
Сіз өз ұтыс тігуіңізді терминалға арта аласыз, ол үшін, таңдалған панельде «Автотаңдау» алаңын белгілеңіз, Купонды тіркеу кезінде терминал ұтыс тігу сандарын кездейсоқ түрде толтыратын болады.

СЕБЕТ
Егер қатысушы ұтыс тігу кезінде қателік жасаса немесе ұтыс тігуін тоқтатқысы келсе, «Себет» алаңын белгілеу қажет, Купонды тіркеу кезінде жүйе автоматты түрде бұл ұтыс тігуін ойыннан алып тастайды.

3-ші қадам
Бір немесе бірнеше ұтыс тігуін төлеңіз.
Таратушы Купоныңызды Жүйеге тіркейді және Сіздің лотерея билетіңізді Түбіртек түрінде басып шығарады.
«LOTO 6/49» тираждық лотерея билеттерінің сатылымы таралым ойнатылымына 15 минут қалғанда, яғни сағат 17:30-да (Астана уақытымен) тоқтатылады.

ҰТУ ӘДІСІ
«Сәтті Жұлдыз» АҚ «LOTO 6/49» лотерея ойынын әр сәрсенбі сайын сағат 17:45-те (Астана уақытымен) «31 Арна» телеарнасында өткізеді.
Ойынға 1 мен 49 арасында нөмірленген 49 шар қатысады.
Тиражды өткізу кезінде 49 ықтимал шардың арасынан 6 негізгі ұтыс нөмірлері және 1 бонус нөмірі анықталады.

Бонус нөмірі
Егер бұл шардың нөмірі Сіздің 5 нөмірді дұрыс табылған ұтыс тігуіңіздің санымен сәйкес келсе, ұтыс сомасы артады, ал Сіздің ұтысыңыз «5 сәйкес нөмір + бонус шары» санатымен беріледі.
Бонус нөмірі шарлардың негізгі жиынтығынан таңдалады және жеңімпаздарды «5 сәйкес нөмір + бонус шары» санаты бойынша анықтайды.
49 шардың арасынан таңдалған, 6 негізгі + 1 бонус шарының нөмірлері осы ойынның ұтыс нөмірлері болып саналады.

«LOTO 6/49» тираждық лотереясында 6 (алты) ұтыс санаты ескерілген.
Ұтыс санаты ең көп табылған ұтыс нөмірлерінің мөлшері бойынша анықталады және келесі түрде таратылады:

Ұтыс санаты Сәйкестіктер саны Жүлде қоры (ЖҚ)
1 6 нөмір сәйкес түсті – «СУПЕРЖҮЛДЕ» Мин. - 20 000 000 теңге + БП* (%) ЖҚ
2 5 нөмір сәйкес түсті + 1 бонус шары БП (%) ЖҚ
3 5 нөмір сәйкес түсті БП (%) ЖҚ
4 4 нөмір сәйкес түсті БП (%) ЖҚ
5 3 нөмір сәйкес түсті тиянақталған ұтыс сомасы - 900 теңге
6 2 нөмір сәйкес түсті тиянақталған ұтыс сомасы - 200 теңге

*БП (%) – белгіленген тиянақталған пайыз

Тиянақталған ұтыс сомалары көзделген «5-іш санат» және «6-шы санаттан» басқа әр «Ұтыс санатындағы» жүлде қоры барлық жеңімпаздар арасында бірдей мөлшерде таратылады.

«СУПЕРЖҮЛДЕ»

6 санды тауып, Сіз «Супержүлдені» иемденесіз.
Супержүлде жинақталатын сома болып табылады, яғни егер ағымдағы таралымда ешкім 6 нөмірді таппаса, жинақталған сома келесі таралымға көшеді.

ҰТЫСТЫ АЛУ ӘДІСІ

Ұтысты талап ету мерзімі – ұтыс билеті қатысқан таралым өткеннен кейін 184 күн.
ЖТМ-ның 50%-на (елу) дейінгі ұтыстар лотерея Операторының билет сату орындарында ақшалай түрде төленеді;
ЖТМ-ның 50%-нан (елу) 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі ұтыстар лотерея Операторы өкілдіктерінде төленеді;
100 000 (жүз мың) теңгеден жоғары ұтыстар лотерея Операторының бас кеңсесінде 10 (он) жұмыс күні ішінде төленеді.

САЛЫҚ САЛУ

Лотерея билетінің ЖТМ-ның 50%-нан (елу) асатын тұтас ұтысқа төлем көзінен жеке табыс салығы салынады. ҚР қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығынның төлемі лотерея Қатысушының ұтыс сомасынан ұтысты қабылдау кезінде салық сомасын ұстап қалу арқылы жүзеге асады.
2018 жылға жоғарыда көрсетілген салық төлемі:
- ҚР резиденттері үшін - 10% (он);
- бейрезиденттер үшін- 20% (жиырма).

МАҢЫЗДЫ!

Купон лотерея билеті болып табылмайды!
Тек он сегіз жасқа толған тұлға ғана лотерея Қатысушысы бола алады!
Лотерея ойынына қатысу ерікті болып табылады..
Лотерея билеті күні мен нөмірі сол билетте көрсетілген бір тиражға ғана жарамды.


ЛОТЕРЕЯ БИЛЕТІ

649.png

Тізімге қайта оралу

Лотерея билетін алып, сіз Қазақстан спортын дамытуға үлесіңізді қосасыз

Сіз 18 толдыңыз ба?
Жоқ Иә

Есть ли вам 18 лет?
Нет Да