Қызықты фактілер

Соңғы жариялаулар
Лотерея көркемөнерде
Лотереяның өз бейнесін өнерде таба алмауы мүмкін емес. А.П. Чеховтың әңгімелерін еске алатын болсақ, оның біреуі – «Ұтыс билеті» деп аталған. Борхестың қаламұшымен «Вавилондағы Лотерея» суреттелген. Голливуд шеберлері лотерея темасын қамтитын – «Чарли және шоколад фабрикасы» немесе «Мистер Бин демалыста» кинофильмдерін түсірді. Кеңес дәуірінде түсірілген «Сәттілік иректері», «Спортлото-82» - бақ пен сәттілік жайлы түсірілген тамаша кинотаспалар болып табылады. Әйтседе, бұл әлі толық тізім емес!
Бірнеше рет сәтті болғандар!
Математиктердің көпшілігі, ықтималдық теориясына сай – лотереяда жоғарғы ұтысқа ие болғандар, бұдан әрі ондай мүмкіншілікті күтпесе болады дейді. Алайда! Флоридадан шыққан, Джеймс Боузман деген қарапайым жігіт, бір дүкеннен алынған билеттер арқылы екі рет мерейлі болды. Фортунаның еркесі болған бұл жігіт екі ұтыстан жалпы 13 миллион доллар ұтқан екен. Жаман емес сияқты ғой? Вирджиния штатынан шыққан жұптың оқиғасы бұдан да таң қаларлық. Ерлі-зайыптылар бір айдың ішінде «жеңіс толқынын» үш рет бағындырып – соның алғашқысында миллион ұтып, екінші ретте – 50 мың ұтқан. Үшінші ретте тағы бір миллионға қол жеткізген. Таң қаларлық нәрсе!
Британия мұражайы мен лотерея
Әлемдегі ең үздік мұражайлардың қатарына кіретін Ұлыбритания астанасында орналасқан мұражайдың басым бөлігі – лотереядан түскен қаражатқа салынған көрінеді. XVIII ғасырда Ұлыбритания үкіметі британ империясының басты тарихи-археологиялық мекемесін ашуға бел буады. Салтанатты ашылу рәсімі қаражаттың жеткіліксіздігіне орай кейінге қалдырылған болатын. Осыған орай, 1753 жылы үкімет лотерея ойнатуға шешім қабылдайды. Идея толықтай іске асады, тіпті – мұражай қазіргі таңға дейін Лотереяның мирас қорынан дивидендін алып келеді.
Лотереяның бейресми Туған күні
Лотереяның бейресми туған күні 24 ақпанда тойланады. Өйткені, дәл осы күні 1466 жылы қазіргі Бельгияда орналасқан Брюгг қаласында алғашқы ресми лотерея өткізілген. Кез-келген адам лотерея билетін сатып алып, лотереяға қатысып, ақшалай сыйақы алу мүмкіндігіне ие болған. Түскен қаражат – ауқатсыз қала тұрғындары жәрдем жасауға беттелген. 1466 жылдан кейін Бельгияда сан түрлі лотереялар өткізіліп, солардың арқасында, шіркеулер, қайырымдылық үйлері, су каналдары және кемежай құрылыстары салынған. 530 жылы суретші Ван Дэйктың жесір әйелі ең алғаш қайырымдылық лотереясын өткізді. Барлық түскен қаражат қала кедейлеріне көмектесуге жіберілген болатын.